Бүгін, 2022 жылғы 19 қыркүйекте ағылшын патшайымы Елизавета ІІ-ны жерлеу рәсімі өтеді. Қоштасу рәсімі аяқталды.
Сағат 11:00-де Вестминстер аббаттығында монархтың жерлеу рәсімі өтеді.
Рәсім аяқталғаннан кейін Елизавета II-ның денесі салынған табытты Виндзор сарайына жеткізіп, онда сағат 19:30-да патшайымның әкесі, король VI Георгтың мемориалдық шіркеуіне жерлейді.
Патшайымның жерлеу рәсіміне 500-ге жуық шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар шақырылды, соның ішінде АҚШ президенті Джо Байден, Жапония императоры Нарухито мен әйелі Масако және т.б бар.
Түркияның атынан Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу болады.
РФ Президенті Владимир Путин жерлеу рәсіміне қатыспайды.
Британия билігі Қытай делегациясына жерлеу рәсіміне қатысуға рұқсат бермеді.