Ұлыбритания қорғаныс министрі НАТО басшысы болуға қызығушылық танытып отыр

Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес жыл соңында Йенс Столтенберг отставкаға кеткеннен кейін НАТО бас хатшысы лауазымына тағайындалуға қызығушылық танытты.

DPA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ол осы «фантастикалық жұмысты» атқаруға ниет білдірді. Уоллес НАТО-ның қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтіп, осы қауіпсіздікті қолдауға өз үлесін қосуға дайын екенін білдірді.

Алайда министр британдық үкіметтегі қорғаныс министрі ретіндегі қазіргі лауазымына риза екенін атап өтті. Егер аталған лауазымға тағайындалатын болса, онда Уоллес соңғы жиырма жылдағы Ұлыбританиядан НАТО-ның бірінші бас хатшысы болған алғашқы адам болады. Бұған дейін экс-премьер Борис Джонсон осы лауазымға қызығушылық танытқан болатын.

Айта кету керек, 2014 жылдан бері осы қызметті атқарып келе жатқан НАТО-ның қазіргі бас хатшысы Йенс Столтенберг былтыр отставкаға кетуі тиіс еді, бірақ Украинадағы жағдайға байланысты оның өкілеттігі 2023 жылға дейін ұзартылды. Әзірге осы лауазымға кандидатура бойынша елдер арасында консенсус жоқ.

НАТО бас хатшысы лауазымына кандидаттардың қатарында Литва мен Эстония премьер-министрлері, Нидерланд және Ұлыбритания қорғаныс министрлері, Италияның экс-премьері, Румыния президенті, сондай-ақ Канада өкілі бар. Келесі бас хатшыны тағайындау туралы мәселе ашық болып қалып отыр.

Добавить комментарий