Ұлыбритания мен Украина барлау қызметі РФ-ның Украинадағы соғыс туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

РФ Украина аумағындағы қарулы қақтығысты арнайы операция деп атайды. Соғыс деп айтуға тыйым салынған.

Ресейлік БАҚ Украина армиясы Ресейдің — әлемнің екінші армиясына қарсы тұра алмайтынынын бінеше мәрте жазды. Батыс елдері Украинаны қару-жарақпен және басқа да ресурстар беріп, белсенді түрде қолдап келеді, ал Зеленский құрған шетелдік легионда түрлі елдердің еріктілері соғысып жатыр . «Бұл мәлімдемелер мен бағалаулардың барлығы шындыққа жанаспайды. Қос мемлекет арасындағы соғыстың басталғанына 6 ай болды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Мемлекеттік думаның қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполовтың мәлімдемесіне сәйкес, Қазір Ресей Украинадағы соғыс барысында «шығынға ұшырамауда» — бұл ұрыс қимылдарын жүргізу тактикасын өзгертуінің нәтижесі. Ресейлік шенеуніктің мәлімдемесіне дейін РФ Бас штабы Украинамен соғыста болған шығындар туралы ресми түрде екі рет қана жариялаған. Украиналық саясаттанушылар Украина ҚК Бас штабының мәліметтерін келтіріп, бұл көзқарасты жоққа шығарады. Киевтің бағалауынша, ресейлік басқыншылар 40 мыңнан астам сарбаздынан айырылды

Украиналық барлау қызметінің хабарлауынша, ұрыс қимылдарды жүргізу үшін сарбаздардың жетіспеушілігіне байланысты ресейлік әскерилер РФ-ның батыс әскери округінде үшінші жеке армия корпусын дайындап жатыр.

Британдық барлау қызметі ресейлік Қорғаныс министрлігінің жаяу әскері көп қырылғанын, сондықтан осы уақытқа дейін басқа да миссияларға «Вагнер» жеке әскери компаниясының жалдамалы сарбаздарын белсенді тартып жатқанын мәлімдеді.

Украиналық барлау қызметінің хабарлауынша, ұрыс қимылдарды жүргізу үшін сарбаздардың жетіспеушілігіне байланысты ресейлік әскерилер РФ-ның батыс әскери округінде үшінші жеке армия корпусын дайындап жатыр.

Американың соғысты зерттеу институтының сарапшылары ресейліктер Украинада — Северск пен Бахмутта ауыз толтырып айтарлықтай екі шабуыл жасай алады деген қорытындыға келді.

Украиналық барлау қызметінің хабарлауынша, ұрыс қимылдарды жүргізу үшін сарбаздардың жетіспеушілігіне байланысты ресейлік әскерилер РФ-ның батыс әскери округінде үшінші жеке армия корпусын дайындап жатыр.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киев Мәскеумен келіссөздер жүргізуге ниетті емес екенін мәлімдеді. «Бұған екі себеп келтірілді. Біріншісі — әлемдік қоғамдастыққа соғыстың ұзаққа созылуына Украина кінәлі екенін көрсетуге тырысу. Екінші себеп айтарлықтай маңызды. Осылайша Кремль оңтүстіктегі УҚК-ның контршабуылдарын болдымауға тырысады. Ресей үкіметі өз қателіктерін мойындамай, арнайы операцияны соңына дейін жалғастырмақ», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Добавить комментарий