Ұлыбритания Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылу туралы шешімін қолдайтынын мәлімдеді

Ұлыбритания СІМ басшысы Лиз Трасс Швеция мен Финляндия ешкімнің аралуынсыз, өз болашағын таңдауға толық еркіндігі бар екенін мәлімдеді.

Ол Ұлыбритания НАТО-ға мүше болу мәселесі бойынша Финляндия мен Швецияның кез келген шешімін қолдайтынын атап өтті. Бұл туралы бейсенбі күні Ұлыбритания сыртқы істер министрі Лиз Трасс мәлімдеді.

«Ресей тарапынан Солтүстік Еуропа мен Балтық елдеріне қатысты қаупі жаңалық емес және біздің бірлігімізді нығайтады. Швеция мен Финляндия ешкімнің араласуынсыз өз болашағын таңдауға құқылы. Біріккен Корольдік олардың кез келген шешімін қолдайды», — деп жазды Трасс Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін The Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап, қос ел де жазда НАТО-ға қосылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Басылымның мәліметінше, Финляндия Солтүстік Атлант альянсына қосылу үшін маусым айында өтініш береді деп күтілуде. Бейсенбі күні РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Ресей Швеция мен Финляндия НАТО-ға қосылған жағдайда батыстағы шекарасын күшейтеді, сонда «Балтық жағалауының ешқандай ядролық қарусыз ел мәртебесі туралы сөз қозғалмайды» деп мәлімдеді.

Добавить комментарий