Ұлыбритания, Еуроодақ және АҚШ Украина мен РФ арасындағы бітімге келу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде

Үш елдің өкілдері Ресей мен Украинаның бітімге келу шарттарын талқылап жатыр. Қақтысығыс жатқан тараптардың ешқайсысы бұл мәселені талқылауға қатыспауда.

Келіссөздерде Украинаның НАТО-ға қатысты бейтарап мәртебесін, Донбасс пен Қырымның болашағы туралы келіссөздерді қамтитын Италияның ұсынған жоспары қарастырылуда.

АҚШ-тың ресми тұлғалары Украинадағы соғысты тоқтатудың және келіссөздер жүргізудің ықтимал нұсқаларын талқылау үшін Ұлыбритания мен ЕО елдеріндегі әріптестерімен тұрақты кездесулер өткізуде. Бұл туралы CNN келіссөздер барысында жүрген бірнеше дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.

«Талқыланатын мәселелер арасында өткен айдың соңында Италия ұсынған төрт тармақтан тұратын құрылым болды. Бұл Украинаның НАТО-ға қатысты бейтараптықты сақтау міндеттемесін, сондай-ақ Украина мен Ресей арасындағы Қырым мен Донбасстың болашағы туралы келіссөздерді қамтиды», — деп хабарлайды басылым.

АҚШ-тың «Украинасыз Украина жайлы ешнәрсе талқыланбайды» деген уәдесіне қарамастан, Украина мұндай кездесулерге қатыспауда.

Добавить комментарий