Ұлыбритания елшісі Қазақстан СІМ-ге шақырылды

Ұлыбритания елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Ол Ұлыбритания Парламентінде айтылған мәлімдемеге байланысты шақырылды.

Қазақстандағы Ұлыбританияның елшісі санкция салу туралы мәлімдемені түсіндіру үшін Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

«Бұл Парламентте жасаған бір депутаттың мәлімдемесі. Оның немен байланысты екенін түсіндіру үшін бүгін Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі СІМ-ге шақырылды. Біз одан түсініктеме күтеміз. СІМ өткізетін шараларды қадағалайтын болсаңыз, біздің министр шетелге белсенді түрде шығатынымызды байқайсыздар. Түрлі алаңдарда — БҰҰ-да, Адам құқықтары жөніндегі кеңесте сөз сөйлейді. Республикамыздың ұстанымы туралы толық ақпарат беретінімізді көріп отырсыздар», — деді Шахрат Нұрышев.

1 наурызда Ұлыбритания парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Ұлыбритания СІМ басшысынан «Путинді қолдайтын» Қазақстан мен Әзірбайжанға қарсы санкциялардың қарастырылып жатыр ма деп сұрады.

Украинада соғыстың жалғасып жатқанына жеті күн болды. 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин арнайы операция басталғанын мәлімдеді. Украина мен Батыс елді мұны баса-көктеп кірді деп мәлімдеді. 25 ақпаннан бастап РФ-ға қарсы қатаң экономикалық санкциялар салына бастады. Қос елдің әскери қызметшілері арасында да, бейбіт халық арасында да құрбандар саны артуда. Еуропаға кеткен украиндық босқындар саны өсіп жатыр. Әлемнің көптеген елдерінде Ресейдің әрекетіне қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр.

27 ақпан күні Еуропаның барлық дерлік елдері ресейлік әуе компаниялары үшін өз әуе кеңістігін жапты. НАТО мен АҚШ елдері Украинаға қомақты қаржылай көмек беріп қана қоймай, қару-жарақ жеткізе бастады. Ресейге қатаң санкциялар салынды. Шектеу шараларының топтамасы күн сайын артып келеді.

28 ақпанда ұрыс қимылдары басылмады. Осы орайда Ресей-Украина келіссөздерінің бірінші раунды өтті. Егжей-тегжейлі ақпарат хабарланбады. Тараптар өз елдерінің басшылығымен консультация өткізеді және екінші раундтың күнін белгілейді.

Добавить комментарий