Бүгін Ұлыбританияда елдің премьер-министрі Борис Джонсонға сенімсіздік вотумын жариялау бойынша дауыс беру жоспарланып отыр.
Дауыс беру туралы талап министрлер кабинеті басшысының бірпартиялық мүшелерінің қажетті минимумынан келіп түсті, деп хабарлайды ITV.
Консервативтік партия депутаттарының 15%-ы, яғни 54 адам 1922 комитет төрағасы сэр Грэм Брэдиге Джонсонға сенімсіздік жариялау туралы хат жолдады. Осындай қанша хат жіберілгенін тек ол ғана біледі.
Брэдидің айтуынша, дауыс беру дүйсенбі, 6 маусым күні Гринвич бойынша 18:00-ден 20:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:00-ден 01:00-ге дейін) өтеді.
Джонсон жеңілген жағдайда премьер-министр лауазымынан кетуіне тура келеді.
Премьер-министрдің Даунинг-стритте пандемия кезінде өткен кештерге баруы Британиялық парламентшілерің наразылығын тудырды. Борис Джонсон кешірім сұрады, бірақ қызметінен кетуден бас тартты. Британдықтардың жартысынан астамы оның отставкаға кетуін жақтады.