Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың сүйектері Астанаға жеткізілді

Жыл сайын Жеңіс мерекесіне орай ерекше маңызды жайттар орын алып отырады: Ұлы Отан соғысына қатыстқан үш қазақстандықтың сүйектері Астанаға жеткізілді. Арнайы авиаборт батырлардың сүйектерін әкелді.

Жауынгерлердің сүйектерін қарсы алу рәсімі Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының салтанатты жағдайында өтті. Рәсімге әскери қызметшілер, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қаза тапқандардың туыстары қатысты.

Бас штаб қызыл әскерлер Силан Мәметовті, Қадырбек Дәулетқұловты және Қисым Әдиевті еліне қайтаруға көмектескен ресейлік іздестірушілерге алғыс білдірді.

Қарулы күштер Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін іздеуге белсенді қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. Ол Ұлы Отан соғысы бүкіл Қазақстан халқы үшін үлкен сынақ болғанын айтты.

«Эхо войны» және ««Застава св. Ильи Муромцаы» іздестіру жасақтарын, сондай-ақ «Atamnyn Amanaty» ҚБ өкілдерінің арқасында елден жырақта шайқастарда қаза тапқан батырларды тауып, отанына қайтару мүмкіндік болды.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тумасы Силан Мәметов 1941 жылы қайтыс болды. Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген Қадырбек Дәулетқұлов Орел облысының Троснянск ауданында табылды.

Добавить комментарий