Львовта кеңестік ІІХК агенті Николай Кузнецов жерленген қабірінен сүйегін ұрламақ болды.
Львов қаласының басшысы Андрей Садовый ұрлау әрекеті сәтсіз аяқталғанын айтып, Кузнецовтің сүйегі оңайшылықтпен ұрланбайтынын айтты. Қазіргі уақытта полиция аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Ашық ақпарат көздерінде хабарланғандай, Кузнецовтың сүйегін РФ-дағы украиндық әскери тұтқындармен алмастыру мүмкіндігі қарастырылуда.
Еске салайық, былтыр Львов қалалық кеңесі советтік барлаушы-диверсант Николай Кузнецовтың сүйегін Ресейге беруден бас тартқан болатын, алайда оның сүйегін беру 2000 жылдан бері талқыланып келеді.
2007 жылы Ресейден Львовқа келген делегацияға оның сүйегін беруден бас тартылды. 2008 жылы кеңестік барлаушының туысы ресейлік Маргарита Брюханова Львовтың жергілікті органдарына осындай өтініш жолдаған.
Кузнецов 1960 жылы 27 шілдеде Львовтағы Даңқ төбесінде зор құрметпен жерленді.