Львов қаласында (Украина) Түркия президенті Тайып Ердоған, Владимир Зеленский және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің кездесуі өтті.
Олардың кездесуі 40 минутқа созылғаны хабарланды, деп жазады Түркияның «Habertürк» порталы.
Бейсенбі күні Ердоған Львовқа Владимир Зеленский және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесу үшін келді, деп хабарлаған Yeni Şafak газеті. Түркиялық телеарна дипломатиялық дереккөздерге сілтеме мәлімдегендей, Ердоған Львовқа сапары барысында Зеленскийге РФ президенті Владимир Путинмен кездесуді ұйымдастыруды ұсынады. Түркияның тағы бір CNN Turk телеарнасы дереккөздерге сілтеме жасап Путин мен Зеленский Украина бойынша «жол картасын» анықтау үшін кездесу өткізуі мүмкін екенін хабарлады.
«Кездесу аяқталды, ол 40 минутқа созылды», — деп хабарлады портал.