Лукашенко ЖІӨ-ні 3,5% деңгейінде ұстауды талап етті

Беларусь Президенті өздеріне қарсы салынған санкцияларға қарамастан елдің ЖІӨ 3,5% деңгейінде ұстап тұруға болатынын мәлімдеді.

Елде импортты алмастырумен белсенді айналысу қажет, деп атап өтті республика президенті.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко батыс елдері салған санкцияларға қарамастан, жыл соңына дейін ЖІӨ-ні 3,5 пайыз деңгейінде сақтап қалу міндетін қойды. Бұл туралы ол сейсенбі күні Беларусьтің шет елдердегі мекемелері басшыларының қатысуымен өткен сыртқы саясат басымдықтары жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

«Қандай да бір проблема мен қиындықтар болмасын, бұл санкциялар еліміздің дамуына кері әсер етпеуі керек. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ 3,5% деңгейінде тұр, жыл соңына дейін осы деңгейді сақтап қалуымыз керек. Иә, өте қиын, иә, қиын. Майдандағы басты міндет — тойтарыс беріп, жеңіске жету», — деп БелТА агенттігі Лукашенконың сөзін келтіреді .

Ол үкіметтің алдына «ешқандай қиындықсыз» санкцияларды еңсеру міндетін қойғанын атап өтті. «Біз өндірістің жартысын сатамыз, бұл жүздеген миллиард доллар емес, біздің нарықтарымыз қайда екені түсінікті. Сол нарықтарда бізге қарсы санкциялар салынбаған», — деп атап өтті Лукашенко. Сонымен қатар, ол кейбір беларустық кәсіпорындарда санкциялардың салдарынан Еуропадан құрамдас бөлшектерді сатып алуда қиындықтар туындағанын атап өтті. Осыған байланысты ол егер елде импортты алмастырумен белсенді айналысатын болса, онда мұндай проблемаларды болдырмауға болатынын атап өтті. Президент Минск автомобиль зауытын мысалға келтірді, ол қытайлық серіктестермен бірлесіп Минск маңында «Великий камень» индустриалды паркінде қозғалтқыштар өндірісін ұйымдастырды. «Әрекет ету керек», — деп атап өтті Лукашенко.

Бұған дейін Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко Ресейдің қолдауының арқасында ел Батыс елдері салған санкциялардың орнын толтыра алатынына сенім білдірген болатын. Белстаттың мәліметінше, Беларустің ЖІӨ-сі бірінші жартыжылдықта өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ға өсті.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) сарапшыларының есебі бойынша мамыр және маусым айларында республиканың ЖІӨ өсу динамикасы Белорусьте экономикалық белсенділікті қалпына келтіру процесі аяқталғанын көрсетеді, ол екінші жартыжылдықта Беларусь экономикасының өсуі баяулайды деп күтуде. Шілде айында ЕАДБ 2021 жылы Белорусьтің ЖІӨ-сі 1,3%-ға өсікенн болжады, бірақ батыс салған санкциялардың күшеюіне байланысты тәуекелді сценарий іске асырылған жағдайда экономика 1-2%-ға құлдырайтынын жоққа шығармады.

Ақша-кредит саясатының 2021 жылға арналған негізгі бағыттарына сәйкес ЖІӨ өсімі 1,8% деңгейінде болуы керек. 2020 жылы Беларусь ЖІӨ 0,9%-ға қысқарды.

Добавить комментарий