Лукашенко жақын арада Украинадағы соғыс қимылдары аяқталады деп мәлімдеді

Беларусь Президенті Александр Лукашенко жақын арада Украинадағы соғыс қимылдары аяқталатынын айтты.

Минск Тәуелсіздік сарайындағы ашық сабаққа қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, ол Украина аумағындағы оқиғалардың қалай өрбитіні әскерилерге байланысты екенін атап өтті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Жақын арада соғыс қимылдары аяқталады», — деп атап өтті Лукашенко.

Оның айтуынша, Украинадағы жағдайдың қалай өрбитіні президент Владимир Зеленскийге емес, әскерилерге байланысты.

«Олар соғыл алаңында қырылып жатыр. Олар мұның бәрі бекер екенін көріп отыр. Батыс Украина — поляктар іштей қуана бастады. Украинаны бөлісіп алмақ. Тек әскерилер ғана, «Жоқ, келісімге келейік, әлде Украинаны жер бетінен жоқ қылып жібереміз» дей алады, — деді Лукашенко.

Ол сондай-ақ Ресей Украинада «жеңіліске ұшырамайтынын» және ол елді қолдайтынын мәлімдеді .

Добавить комментарий