Беларусь күштік құрылымдарының үш жүзден астам қызметкері президенттің жарлығымен үш дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.
13 тамызда қол қойылған Лукашенконың жарлығымен 300-ден астам адам марапатталды. «І дәрежелі мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталғандар арасында ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары Хазалбек Атабеков те бар.
Естеріңізге сала кетейік! 9 тамызда Белоруссияда Мемлекет басшысының сайлауы өтті. ОСК-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, онда Лукашенко 80,10% дауыспен жеңіске жетті. Екінші орынды 10,12% -бен оның басты қарсыласы Светлана Тихановская иеленді, ол сайлау нәтижесін мойындамады. Дауыс берудің алғашқы қорытындылары шығарылғаннан кейін Беларусь қалаларында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығысқа ұласқан жаппай наразылық акциялары басталды. Митингілер бір аптадан бері жалғасып келеді, ІІМ мәліметінше, бірнеше мың адам ұсталып, ондаған милиция қызметкерлері мен шерушілер зардап шекті.