Лукашенко: «Вагнер» ЖӘК Беларусьті қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін

Шетелдік және белорустық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Беларусь президенті Александр Лукашенко «Вагнер» жеке әскери компаниясының (ЖӘК) Беларусь аумағына орналасқан жағдайда, елді қорғау үшін қолданылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Лукашенко ел аумағында «Вагнер» жауынгерлерінің саны бойыннша алаңдамайтынын айтып, олардың белгілі бір шарт бойынша орналастырылатынын айтты.

Беларусь Президенті «Вагнерді» ел аумағында орналастыру үшін басты шарты қажет болған жағдайда мемлекетті қорғау үшін дайын болу керек екенін атап өтті. Лукашенко «Вагнер» жауынгерлерінің тәжірибесі мен дағдылары Беларусьті қорғау үшін тиімді қолданылатынына сенім білдірді.

Беларусь Президентінің мұндай мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып, ол елдің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін түрлі күштер мен ресурстарды тартуға дайын екенін айтуда. Беларусь аумағында «Вагнер» ЖӘК-тің орналасыу өңірдегі геосаяси жағдайға әсер етуі мүмкін, бұл халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудыруда.

Добавить комментарий