Лукашенко Меркельге Польша шекарасындағы көші-қон дағдарысын шешу жолдарын ұсынды

Беларусь президенті Ангела Меркельмен әңгімелесу барысында Беларусь пен Польша шекарасында Азиядан келген мигранттардың салдарынан туындаған дағдарысты шешу жолдарын ұсынғанын айтты.

Беларусь Президенті ГФР канцлерінің міндетін атқарушымен тағы бір рет телефон арқылы сөйлесетінін растады.

2021 жылғы 15 қараша, дүйсенбі күні Беларусь президенті мен ГФР канцлерінің міндетін атқарушы Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті.

«Мен [Беларусь-Польша шекарасындағы мигранттарға] қатысты жағдайды шешу жөнінде ұсыныс жасадым», — деп Лукашенко Меркельмен не туралы сөйлескенін айтты.

«Ангела Меркель Еуроодақ мүшелерімен осы мәселені талқылау үшін үзіліс алды. Содан кейін елдер көшбасшылары арасында тағы бір мәрте телефон арқылы сөйлесеміз», — деп беларустық БАҚ Лукашенконың сөзін келтіреді.

Беларусь-Польша шекарасында көбінесе Ирактан келген екі мыңнан астам мигранттардың тұрғанына тоғыз күн болды. Олар Польша арқылы Германияға өтпек. Дүйсенбі күні мигранттар Беларусьтің «Брузги» шекара өткелінің маңындағы лагерьден кетіп қалды. Қазір олар Польша шекара өткеліндегі қоршаудың алдына келіп алды. Польшаның әскери күштері «Кузница» өткізу пунктінде әскерилерінің санын арттырды. Сол жерге суатқыштар мен әскери техника тартылған.

ЕО елдері Минскіні шекарадағы дағдарысты әдейі шиеленістіріп отыр деп айыптауда. Беларусь президенті Александр Лукашенко бұл жағдайға Батыс елдері кінәлі екенін айтып, олардың әрекеттерінің салдарына бейбіт тұрғындар соғыстан қашып жатқанын мәлімдеді.

Добавить комментарий