Лукашенко CNN-ге берген сұхбатында Тихановская туралы сауалдарға жауап беруден бас тартты

Беларусь президенті Александр Лукашенко әйелдерге қарсы күреспейтінін айтып, CNN журналисі Мэттью Чэнстің Светлан Тихановская жайлы сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

«Әйелдер туралы сөз қозғамаймын. Мен әйелдерге қарсы күреспеймін және оны сипаттағым келмейді «, — деді Лукашенко.

Президент оппозиция көшбасшысы — «шет елде тұратын және басқа көзқарастағы адам» екенін атап өтті. «Мен Беларусьте жүрген адамдарды (оппозицияны — ред) білемін. Олар елдің бір жерінде сіздерден ақша алып жұмыс істеп жатыр», — деп мәлімдеді Лукашенко америкалық журналистке.

«Егер сіз революционер болсаңыз… сонымен қатар, шетелден келген ақшаға блицкригті жүзеге асыруға тырысаңыз, кез келген жағдайға дайын болыңыз», — деп толықтырды ол.

Беларусьте 2020 жылғы 9 тамызда президент сайлауы өтті, онда қазіргі президент Александр Лукашенко жеңіске жетті. Оппозиция өкілі Светлана Тихановская екінші орынға ие болды, ол сайлау қорытындысын мойындамай, елден кетіп қалды . Дауыс беру нәтижесі шығарылғаннан кейін республикада жаппай наразылық акциялары басталып, алғашқы күндері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығысты.

Жаңалыққа өзгерістер енгізілді (11:25 мск) — үшінші абзацтағы дәйектеме нақтыланады, төртінші абзац қосылды

Добавить комментарий