Беларусь президенті Александр Лукашенко украиналық журналистерге Батыстың әрекеті Украинада шиеленісті жағдай тудыруға бағытталған, ал оған қатысуды жоспарлап отырған жоқ деп санайтынын айтты.
«Мен [украиналық] саясаткерлердің Батыстың ортақ желісінен алшақтай бастағанын көріп отырмын. Түсінесіз бе, қазір Батысқа не керек екенін білемін: қақтығыс тудыру, — деп мәлімдеді Лукашенко дүйсенбі күні украиналық саясаткер Александр Морозбен кездесу барысында, деп хабарлайды БелТА агенттігі. — Олар өз қолымен ешнәрсе істемейтінін жақсы білесіздер. Бөтен адамның қолы қанға боялсын, басқалары соғыссын: украиндар, орыстар, белорустар қырылсын — алыс қой».
Президент қазір Батыста Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін деп жиі айтыла бастағанын айтты. «Егер Украинаға қарсы соғыс ашуды жоспарласақ, бұқаралық ақпарат құралдары басқаша жазар еді. Өйткені БАҚ — заманауи соғыстың артдайындығы», — деп атап өтті Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, «Украинадағы соғыс туралы дүрбелең басылғанда Америка қайта шу шығарады, соғыстың кімге керек екені белгілі».