«Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде алаңдайды деп ойламаймын. Егер Қазақстан мен басқа елдерде Ресей Федерациясымен біздің арамыздағы тығыз қарым-қатынас орнатуға қарсы болмаса, онда шешімі өте оңай — Ресей мен Беларусь одағына қосылу керек және бәрінде ядролық қару болады. Бұл ресейліктердің емес, менің пікірім. Бірақ, мүмкін деп ойлаймын. Бірігудің елдеріміз арасында бірегей мүмкіндігі барын стратегиялық тұрғыдан түсінуіміз керек», — деп мәлімдеді Лукашенко ресейлік бағдарламада.
Еске сала кетейік, 5 мамырда Президент Тоқаев ІІ Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекет, ал ЕАЭО-ның басқа елдерінің интеграциясы басқа деңгейде екенін айтты. Атап айтқанда, ол Қазақстан, Қырғызстан және Арменияның интеграциясы басқа деңгейде екенін атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, осы шындықпен санасу керек.
«Біз осы жағдайда қалай жұмыс істейміз. Бұл концептуалды мәселе. Біз осы экономикалық форумда аталған мәселені талқылауымыз керек деп ойлаймын», — деді Тоқаев.
26 мамырда Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Президенттің айтқан сөзіне пікір білдіріп, Қазақстан одақтас мемлекеттер құруға немесе оған кіруге ниетті емес екеніне және жоспарлап отырмағанын атап өтті.
Қазақстан парламенті сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Ресей мен Беларусь арасындағы секілді қарым-қатынасты ЕАЭО-ның басқа елдерімен орнату болмайтынын мәлімдеді.