Lufthansa бортсеріктердің ереуіліне байланысты рейстерді тоқтатты

Lufthansa әуе компаниясы бортсеріктердің ереуіліне байланысты наурыз айының ортасында 1000-ға жуық тұрақты рейстерін тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды Анадолу агенттігі. Наразылық акциясының бірінші күні, 12 наурызда Франкфурт әуежайында 600 рейс тоқтатылады, ал ертесі, 13 наурызда Мюнхен әуежайының 400 рейсі тоқтатылады.

Independent Cabin Crew Organisation кәсіподағы бортсеріктерді демалыс күндері наразылық акциясына шығуға шақырып, әуе компанияның 18 мың бортсерігінің жалақысын 15%-ға, яғни 3 мың еуроға дейін көтеруді талап етті.

Бұл аталған әуе компаниясында болған алғашқы ереуіл емес. Бұған дейін, ақпан және наурыз айының басында Lufthansa персоналы да бірқатар ереуілдер ұйымдастырған болатын, салдарынан авиарейстер тоқтатылып, шамамен 100 мың жолаушының жоспары бұзылды.

Добавить комментарий