ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылдың мамыр айының соңында тұтқындалған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі.
«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», — делінген сот хабарламасында.