Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды және банк басқармасының жаңартылған құрамына енді, деп хабарлайды қаржы институтының баспасөз қызметі.
2021 жылғы ақпанда ЕАДБ басқармасының жаңартылған құрамына басқарма төрағасының орынбасарлары Сергей Васильев, Леонид Грачков, Денис Ильин, Данияр Иманғалиев, Амангелді Исенов, Елена Кубанова, Ярослав Мандрон, Берік Мұхамбетжанов, Тигран Саркисян кірді.
Руслан Дәленовтың өмірбаяны
Дәленов Руслан Ерболатұлы 1975 жылы 8 ақпанда Целиноград қаласында туған.
1999 жылы Мармара университетін (Түркия) «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінде жетекші маман қызметінен бастап бастады.
2003 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының басшысы болды.
2003 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін — ҚР Қаржы министрлігі кірістерді талдау департаментінің директоры.
2008 жылдан 2017 жылға дейін қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
2017 жылғы сәуірінен 2019 жылғы 25 ақпанға дейін — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2019 жылғы 25 ақпаннан 2021 жылғы 18 қаңтарға дейін — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.
Руслан Дәленов әйел әріптестерін сипаттады
Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) — қатысушы елдердің: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның интеграциялануына және дамуына жәрдемдесетін халықаралық қаржы ұйымы. Банкті 2006 жылдың қаңтарында Ресей мен Қазақстан бірлесіп құрған, штаб-пәтері Алматы қаласында. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, энергетика, химия және тау-кен өндіру өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар алады.