ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады
ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтап қалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлесені жылдық 16,75% деңгейінде, пайыздық дәліз +/- 1,5 пайыздық тармақпен сақтау туралы шешім қабылдады.
Шешім нақты инфляцияның банк болжамына сәйкес келуі негізінде қабылданды. Соңғы рет Қазақстанда базалық мөлшерлеме былтыр 5 желтоқсанда 16%-дан 16,75%-ға дейін көтерілді.
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 26 мамырда жарияланады.