Ұлттық банк сарапшылары инфляция деңгейінің 8,5% -ға дейін өсуін болжауда

ҚР Ұлттық банкі 2020 жылға арналған инфляция болжамын ішкі сұраныстың әлсіздігі аясында қайта қарады. Бағаның өсу деңгейі 8-8,5% аспайды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елдегі инфляция деңгейі 9-11% болады деп хабарланған болатын.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, бұл үдеріске төлем балансының күтілетін тапшылығы жағдайында бағаның айырбас бағамының ауысуы және инфляцияға ықпалы 2021 жылы да жалғасатын фискалдық серпін ұлғаюы әсер ететін болады.

«Біздің бағалауымызша, 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп көтерілуі мен ішкі экономиканың қалпына келуі аясында жылдық инфляция 4-6% дәлізінің жоғарғы шекарасына жақын қалыптасады және 2022 жылы да осы дәлізде қалыптасады», — деп атап өтті Досаев.

2023-2024 жылы Ұлттық банк жылдық инфляцияны 4-5% деңгейінде, 2025 жылы — 3-4% деңгейінде болжап отыр.

Шілденің қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,1% құрады, оның ішінде азық-түлік инфляциясы — 11,3%. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі инфляцияның өсуіне негізгі үлес қосуды жалғастыруда. Ең жоғары қарқын нан-тоқаш өнімдері мен жармаларға (13,8%), жеміс-көкөніс өнімдеріне (13,4%) сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында инфляцияны 8-8,5% шегінде ұстауды тапсырған болатын.

Добавить комментарий