Ұлттық банк кредиттік рақымшылық жасалмайды деп мәлімдеді

Қазақстан Ұлттық банкі еліміздегі таралып жатқан кредиттік рақымшылық туралы ақпарат жалған екенін айтты.

Жалған мәліметтер азаматтардың қаржылық жағдайын нашарлауына әкеп соғатын әрекеттерге итермелейді, деп хабарлады агенттік.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан барлық қарыз түрлері бойынша кредиттік рақымшылық жасалатыны туралы ақпаратты жоққа шығарады.

«Агенттік таралып жатқан ақпаратты дәйексіз деп мәлімдеді, Ол азаматтарды шатастырып, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соғатын әрекеттерге итермелейді», — делінген қаржы реттеушінің хабарламасында.

Кредиттері бойынша бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен азаматтарға қолдау көрсету үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілді.

«Кредиттер бойынша төлеу мерзімінің өтуі туындаған жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініштері қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады», — дейді мамандар.

Қарызды қайта құрылымдау талаптары туралы мына жерден оқыса болады.

Қаржы реттеуші қазақстандықтардан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ресми әрі тексерілген дереккөздерінен ғана алынған ақпаратты басшылыққа алуды сұрайды.

Добавить комментарий