Ұлттық банк инфляцияға қатысты жаңа болжамын хабарлады

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов елдегі инфляция болжамы өзгергенін хабарлады.

Бұл туралы ол республика үкіметінің отырысында айтты.

Ақылжан Баймағамбетов атап өткендей, осы жылдың қорытындысы бойынша, жаңартылған болжамдарға сәйкес, инфляция 16-18% деңгейінде күтілуде, бұл біздің алдыңғы болжамдарымыздан жоғары және күтілген нақты инфляциядан, фискалдық серпіннен және инфляцияның тұрақты компоненттерінің жеделдеуінен де жоғары болуына байланысты.

Орта мерзімді перспективада сыртқы бағалардың төмендеуі, Ресей Федерациясындағы инфляцияның баяулауы ішкі сұранысты фискалдық ынталандырумен теңестірілетін болады. 2023 жылы инфляция базалық сценарий кезінде 7,5-9,5%, 2024 жылы 5,5-7,5% деңгейінде болжанады.

Ұлттық банк төрағасы орынбасарының айтуынша, айлық инфляция соңғы бес жылдағы тамыз айының орташа мәні 0,2% болған кезде биылғы тамызда 1,4%-ды құрады.

«Инфляцияның айлық динамикасы орташа жылдық мәнінен асып, әлі де жоғары болып тұр. Жылдық мәнде инфляция 16,1%-ға жетті. Логистикалық және өндірістік жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы жағдайындағы айтарлықтай инфляциялық қысымның сақталуы аясында инфляция қарқын алды.

Ол атап өткендей, жылдық көрсеткіш бойынша 20,8%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияға ең жоғары үлес қосуын жалғастыруда, ал импорттық тауарлардың қымбаттай түсуінен азық-түлікке жатпайтын инфляция да 15,5%-ға дейін жеделдеді.

Ақылжан Баймағамбетовтың мәліметінше, ақылы қызметтер инфляциясы 10,1%-ға жетті. Монополист-кәсіпорындар көрсететін қызметтердің тарифтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін тарифтерді көтеруге қойылған мароторийдің аяқталуына байланысты барлық өңірде дерлік өзгерді.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары 5 қыркүйекте Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,5% деңгейінде сақтап қалғанын еске салды.

Добавить комментарий