Ұлтшыл қозғалыстың өкілі Беларусьпен арадағы шекараны жабу керек екенін айтты

Украинада ұлтшыл қозғалысттың өкілдерінің бірі Беларусьпен арадағы шекараны жабу керек деп санайды.

Украиналық «Бостандық» ұлтшыл партиясының жетекшісі Олег Тягнибок Украина мен Беларусь шекарасында 12 өткізу пункті, яғни мигранттар «баса көктеп кіріп келуі мүмкін 12 орын бер екенін » мәлімдеді.

Беларусь-Польша шекарасындағы мигранттар Украина шекарасы арқылы өтуге тырысуы мүмкін, осыған байланысты Киев шекараны ерте бастан жауып тастауы керек. Бұл туралы сейсенбі күні Украинаның «Бостандық» ұлтшыл партиясының жетекшісі, Жоғарғы Раданың экс-депутаты Олег Тягнибок айтты.

«Шекарадағы жағдай өте күрделі әрі қауіпті. Украина үшін ең алдымен… Сондықтан жедел кешенді әрекет ету керек. Шекараны жабу керек», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. Тягнибок Украина-Беларусь шекарасында 12 өткізу пункті, яғни «баса көктеп кіруі мүмкін 12 орын» бар екенін айтты.

Шекараны жабудан бөлек, ұлтшылдың пікірінше, Украина билігі «әскери күшті күшейтіп, жақын маңдағы аудандарда төтенше жағдай енгізу, халықаралық әріптестерден көмек көрсетуін талап ету» қажет. Бұл ретте Тягнибок Беларусь-Польша шекарасындағы миграциялық дағдарысқа Ресейдің қатысы бар деп мәлімдеді. «Себебі Польша президенті «Солтүстік ағын — 2» жобасына қарсы шығуға батылы жеткен Еуроодақтағы жалғыз президент», — деді ол.

Партия жетекшісі Украина президенті Владимир Зеленскийдің Белорусьте болып жатқан оқиғаларға қатысты үн-түнсіз отырғанын сынға алып, Украина көшбасшысы «ел шекарасын жабу тұрмақ, күшейтуді ойлап отырған жоқ» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Тягнибок Украина Беларусьпен қарым-қатынасты тоқтатудың орнына елден электр энергиясын сатып алып жатқанын айтты.

Бұған дейін Украинаның Польшадағы елшісі Андрей Дещица Белорусьтегі босқындар Польша шекарасын кесіп өте алмағандықтан, Еуропаға Украина арқылы өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюк Ресеймен ғана емес, Белорусьпен арадағы шекарада «қабырға» тұрғызу қажет екенін мәлімдеді.

Добавить комментарий