Ұлыбритания Минскіде Ryanair ұшағының қонуына Мәскеудің қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақ таппағанын мәлімдеді.
Бұған дейін британдық СІМ басшысы Доминик Рааб «Мәскеудегі биліктің үнсіз келісімінсіз мұндай әрекеттің жүзеге асырылуы мүмкін екеніне сену қиын» деп мәлімдеген болатын.
Ұлыбритания Үкіметі Минск әуежайына ирландиялық Ryanair әуе компаниясының ұшағы мәжбүрлі түрде қонуына қатысты оқиғаға Ресейдің қатысы барын дәлелдейтін нақты айғақ таппады. Бұл туралы корольдіктің СІМ басшысы Доминик Рааб мәлімдеді, Reuters агенттігі ол берген сұхбаттың үзінділерін келтіреді.
«Бізде Ресейдің Белорусьтегі азаматтық ұшақтың [Ryanair] мәжбүрлі түрде қонуына қатысы барын дәлелдейтін қосымша айғақтар жоқ», — деді ол. Бұған дейін Рааб мұны жоққа шығармайтынын айтқан болатын, себебі «Мәскеудегі биліктің үнсіз келісімінсіз мұндай әрекеттің жүзеге асырылуы мүмкін екеніне сену қиын».