Лондон: Ресей елшісіне британ парламентіне баруға тыйым салынды

Ұлыбританияда ресейлік елші Андрей Келинге Вестминстердегі парламентке баруға тыйым салынғаны хабарланды.

Бұл туралы дүйсенбі күні The Guardian екі палатаның спикерлеріне сілтеме жасап хабарлады.

«Ресей билігінің ресми өкіліне тиісті хабарлама жолданға дейін парламент ғимаратына келуіне тыйым салынады», — делінген қоғамдар палатасының спикері Линдси Хойл мен лордтар палатасының спикері Джон Макфоллдың нотасында.

The Guardian Ресей Украинада арнайы операция бастағаннан кейін ресейлік дипломаттарға қатысты бейресми түрде мұндай тыйым салынғанын атап өтті, алайда бұл алғаш рет жазбаша түрде расталды.

 

Добавить комментарий