Бүгін Дохада (Катар) кеңейтілген форматта «Үлкен үштік» өкілдерінің келіссөздері өтеді. Іс-шараға РФ, АҚШ және ҚХР өкілдерінен бөлек Пәкістаннан келген делегация қатысады.
«Үштіктің» кеңейтілген отырысында Ауғанстандағы шиеленісті жағдайды реттеу мәселелері талқыланады. Іс-шара бүгін, 2021 жылғы 10 тамызда Катар астанасы Доха қаласында өтеді.
Бұл туралы ақпаратты Катар СІМ ұсынды. Сондай-ақ, келіссөздер жабық режимде өтеді деп хабарланды.
Ресей СІМ Азия екінші департаментінің директоры Замир Кабулов алдағу уақытта өтетін кездесуге қатысты түсініктеме берді. Ол жақсы нәтижеге қол жеткізуге үміт білдірді. Сонымен қатар, бірқатар сарапшылар аталған кездесу Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізбейді деп санайды.
Еске сала кетейік! Америка мен НАТО әскерлері ел аумағынан шығарылғаннан кейін Ауғанстандағы жағдай шиеленісіп кетті. Талибан қозғалысының (ҚР-да тыйым салынған) шабуылдары қайта жандандырды.