Үлкен Еуразия: Назарбаев экономикалық форум өткізуді ұсынды

Нұрсұлтан Назарбаев «Үлкен Еуразия» жаңа алаңын құру туралы ұсыныс жасады. Оның пікірінше, төртжақты форум форматындағы іс-шаралар Еуразиядағы кооперацияның барлық мүмкіндіктерін талқылап, ілгерілетеді.

«Еуразия елдеріне жаңа дағдарыстың алдын алу мақсатында жүйелі диалог жолға қоюы қажет. Мұның басты арнасы ұзақ уақыт бойы, соның ішінде үшінші елдермен жұмыс істеп келе жатқан өңірлік халықаралық бірлестіктер болуы мүмкін.

Атап айтқанда, менің ойымша, ЕАЭО, Еуропалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ жақында құрылған Түркі мемлекеттері Ұйымы арасындағы тікелей байланыстарды дамытатын кез келді», — деді Назарбаев.

Оның айтуынша, халықаралық бірлестіктердің барлығы экономикалық ынтымақтастыққа тән, дәл осы экономикалық ынтымақтастық негізінде саяси, мәдени және басқа да байланыстар артады.

Бұл бүкіл ғаламшар үшін үлкен жеңіс болар еді. Осыған байланысты елдеріміз Еуразиядағы кооперацияның барлық мүмкіндіктерін талқылап, ілгерілете алатын Үлкен Еуразия төртжақты экономикалық форумын құруды ұсынамын. Қазақстан мемлекет және үкімет басшылары деңгейінде мұндай форумды ұйымдастырушылардың бірі бола алар еді, — деп түйіндеді сөзін Елбасы.

Добавить комментарий