Алматыда Үлкен Алматы өзенінің маңында өрт шықты
Алматыда Үлкен Алматы өзенінің маңында «Бунгало» жазғы кафесі өртенді, деп хабарлады қала ТЖД.
Алматы ТЖД өрт сөндіру қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы қадағаланғанын атап өтті.
«Қызыл жалынның қысқа уақытта таралуына тез жаңғыш ағаш конструкциялары ықпал етті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралардың арқасында тілсіз жау 20 минутта ауыздықталып, сағат 20:22 толық сөндірілді», — деп хабарлады ТЖД.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге 50-ден астам жеке құрам мен 13 бірлік техника жұмылдырылды.