Лиз Трасс Украина аумақтарының РФ-ға қосылуынн мойындамайтынын мәлімдеді

Ұлыбритания Премьер-министрі Ллондонның Украина аумағын ресейлік деп ешқашан мойындамайтынын мәлімдеді. Әңгіме Киевтен бөлініп шыққан төрт облыс туралы болып отыр.

Лиз Трасс Ұлыбритания Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын ешқашан Ресейдің жері деп мойындамайтынын мәлімдеді.

Ол жұма күні таңертең РФ президенті Владимир Путиннің халықаралық қауымдастық айыптаған «референдумдардан» кейін Украина аумағын ресейлік деп тану туралы жарияланғанға дейін мәлімдеме жасады.

«Ұлыбритания Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын Украина аумағынан бөлініп шыққанын ешқашан мойындамайды», — деп баса айтты ол.

«Біз оның осы соғыстан жеңілуін қамтамасыз етеміз», — деді Трасс.

30 қыркүйекке қараған түні РФ президенті Владимир Путин Ресей ішінара басып алған Херсон және Запорожье облыстарының «тәуелсіздігін тану» туралы жарлықтарға қол қойған.

30 қыркүйекте Ресей парламентінің төменгі палатасының мүшелері Кремльге шақырту алды, онда «Ресей құрамына жаңа аумақтардың қосу туралы құжатқа қол қою рәсімі» өтеді.

Естеріңізге сала кетейік! 2022 жылдың 28 маусымында Бірінші министр Никола Серджен Шотландия парламентіне «Шотландия тәуелсіздігі үшін референдум туралы» жаңа заң жобасын ұсынды, ол бойынша Ұлыбритания құрамынан шығу туралы жалпыхалықтық дауыс беру 2023 жылдың 19 қазанына белгіленді.

Добавить комментарий