Сыртқы істер министрі Лиз Трасс елдің премьер-министрі лауазымына сайлануға үміткер ретінде қатысуға ниетті екенін мәлімдеді.
Осылайша, Трасс аталған лауазымға сайлану үшін ниет білдірген оныншы үміткер болды.
Трасс премьер-министр лауазымына сайланатын болса, «бірден салықты қысқарта бастайтынын» айтты. Атап айтқанда, ол сәуір айында қабылданған ұлттық сақтандыруға салынатын өндіріп алудың күшін жоятын болады. Оның айтуынша, салық жүйесі Ұлыбританияға бизнес пен инвестиция тартуға ықпал етуі керек.
Еске сала кетейік, Британияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Консервативтік партия мүшелерінің арасында келесі премьердің рөліне айқын фаворит болып табылады.
Еске сала кетейік! 7 шілдеде Борис Джонсон Консервативтік партияның жетекшісі қызметінен кететінін, бірақ жаңа көшбасшы сайланғанға дейін премьер-министр лауазымын атқаруды жоспарлап отырғанын жариялады.
Консервативтік партия жаңа премьерді Палата жазғы демалыстан келгеннен кейін, қыркүйек айының басында сайлауды жоспарлап отыр.