Литва: Әуе оқу-жаттығулары ел азаматарын шошытты

Литва Қорғаныс министрлігі әскери әуе оқу-жаттығуларын өткізді. Швянтои курортты қалашығының әуе кеңістігінде жойқын ұшақтар ұшып, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды.

Бұл туралы литвалық 15min басылымы хабарлады.

Куәгерлердің бірі жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 21: 15-те аспанда ұшақ ұшып өтіп, оған екі жойғыш ұшағы шабуыл жасағанын айтты.

Латвия Қарулы Күштері қолбасшылығының өкілі Рюта Монтвиле 15min басылымына ұшықтар әскери әуе оқу-жаттығуға қатысқанын және әуе кемелері полицейдің сүйемелдеуімен жүргенін хабарлады.

Көршілес жатқан Паланга курорттық қалашығының мэрі Шарунас Уайткус атап өткендей, жергілікті билік пен полиция өкілдері оқу-жаттығу туралы алдын ала хабарламаған.

«Адамдар қорқып қалған, телефонға », — деп қосты Вайткус Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетейік, Литваның солтүстігіндегі Шяуляй әскери әуе базасында төрт португалдық F-16 және жеті испандық Eurofighter Typhoon жойғыш ұшақтары тұр.

Добавить комментарий