Литва СІМ: Батыстың негізгі мақсаты — Ресейді оқшаулау

Литва Сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергистің айтуынша, Батыс Ресейді толық оқшауламақ.

Осы уақытқа дейін халықаралық қоғамдастық БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын мемлекетті  осылай шеттетпеген.

Украинадағы оқиғаларға байланысты Батыстың түпкі мақсаты Ресейді жаппай оқшаулау. Бұл туралы жексенбі күні Вильнюста Украина дағдарысын бағалауға арналған баспасөз мәслихатында Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис мәлімдеді.

«Ресейге қарсы тұрақты салынып жатқан санкциялар процесінің түпкі мақсаты — Ресейді жаппай оқшаулау», — деп мойындады ол.

СІМ басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін халықаралық қоғамдастық БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылатын мемлекетті осылай шеттетпеген. «Біз Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесін әлемдік экономика мен саясаттан шеттетеміз, оны оқшаулаймыз. Бұл жаңа әлемдік құрылымға апаратын жол, біз Украинадағы оқиғаларға дейінгі жағдайға қайта оралмаймыз», — деп мәлімдеді Ландсбергис.

Добавить комментарий