Габриелюс Ландсбергис мобилизациядан қашқан ер адамдардың Ресейден кетуін жауапкершіліктен қашу әрекеті деп атады.
«Литва жауапкершіліктен қашқандарға баспана бермейді. Ресейліктер қалып, соғысуы керек. Путинге қарсы», — деп жазды Ландсбергис.
Еске салайық! Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните Литва мен басқа да елдер Ресей азаматтарын мобилизациядан құтқаруға міндетті емес және ресейліктерді гуманитарлық тұрғыдан елге кіргізу орынсыз деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік! Латвия, Эстония, Польша және Чехия мобилизациядан қашқан ресейліктерге гуманитарлық виза бермейтінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Германия алдағы бірнеше апта ішінде әскери борышын өтеуден «ар-ождан тұрғысынан» бас тартқан ресейліктермен жұмыс істеу бойынша еуропалық деңгейде ортақ желіге қол жеткізгісі келеді.