Литва Ресейдің энергиямен жабдықтау жүйесінен ажырады

Литва Ресейдің энергиямен жабдықтау жүйесінен тестілік режимде ажыратылды, енді өзінің жеке электрмен жабдықтау жүйесін пайдалануға көшті, деп хабарлайды Litgrid электр желісінің Литвалық операторы. Алғаш рет литвалық электр беру жүйесі электр қуатын жергілікті электр стансалары мен Швеция және Польшадан импорттап, осындай режимде жұмыс істеп жатыр.

Тестілеу Литва, Латвия және Эстонияның 2025 жылға жоспарланған Ресей мен Беларусьтің энергия жүйелерінен толық ажыратуға дайындығы аясында өткізілді.

Алайда Литва 2024 жылы мерзімінен бұрын өшіруді ұсынды, бұны әзірге Эстония мен Латвия операторлары қолдамады. Бұл жоспарды жүзеге асыру Балтық елдеріне энергетика жағынан толығымен тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.

Добавить комментарий