Литва Қорғаныс министрі Масктың Украинадағы соғыс туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Литва Қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас Илон Масктың Twitter-дегі Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатудың ұсынысна қатысты жазбаға  пікір білдірді.

Оның пікірінше, Илон Маск әлемге ядролық қарумен қоқан-лоқы көрсетіп отырған Кремльдің «қармағына» түскен.

Бұл туралы Анушаускас Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Путин ядролық қарумен қорқыта бастағаннан кейін батыс БАҚ беттерінде «ядролық қару тиелген конвойлар «туралы жалған ақпарат тарай бастады. Бұл өтірік, бірақ Кремльдің «ядролық температурасы» қорқыныш дивидендтері тудыруда. Илон Маск бұл қармаққа бірінші болып түсті», — деп атап өтті Литва Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Еске сала кетейік, Tesla негізін қалаушы Илон Маск Twitter-де «Украина мен Ресей арасында бейбітшілік орнату» үшін Қырымның аннексиясын мойындап, сайлауды «БҰҰ бақылауымен» өткізуді ұсынды.

Біраз уақыттан кейін Маск жаңа сауалнама жариялап, жаңа референдумда аннексияланған Қырымды ғана емес, Донбасстың да кімдікі екенін анықтауды ұсынды.

Американдық өнертапқыштың твиттері украиналық шенділердің шамына тиді

Добавить комментарий