Литва Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыруы тиіс,

Литва Сеймі Украинаға әскери көмек ретінде Киевке қару-жарақ жеткізуді жалғастыру қажет екенін мәлімдеді.

Вильнюстің мұндай ұстанымын Литва Сеймі Украинадағы жағдайға қатысты қарарда жариялады

Украинаны жақтаушылар қару-жарақты бере отырып, оған қолдау көрсетуді жалғастыруы керек. Вильнюстің ұстанымын сейсенбі күні Украинадағы жағдайға қатысты қарарда Литваның Сеймі (парламенті) жариялады.

«Халықаралық қоғамдастықты алдағы уақытта өз егемендігін қорғау және аумақтық тұтастығын қалпына келтіру үшін Украинаға түрлі қару-жарақ жеткізу түрінде қолдау көрсетуге шақырамыз», — делінген қаулыда. Депутаттар шешімді бірауыздан қабылдады.

Бұл Украинадағы жағдайға қатысты Сеймнің төртінші қарары. Бұған дейін Киевке қолдау көрсету үшін қарарлар 24 ақпан, 10 наурыз және 17 наурызда қабылданған болатын.

Добавить комментарий