Өлім көрсеткіші ең жоғары өңірлер аталды


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38810-1663758018-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала өлімі көрсеткіші ең жоғары өңірлерді атады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұл туралы Үкімет отырысында айтты.

Ол атап өткендей, бірінші жартыжылдықта ана өлімінің көрсеткіші 2,4 есеге төмендеді.

«Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Себептер құрылымында-акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар – 30% құрады», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 8,3-ті құрады. Нәрестелер өлімінің ең жоғары көрсеткіштері: Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. 60% жағдайда шала туылғандар шетінеген.

«Балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп топтары бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Пренаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді, 18 Ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ға артып, 79%-ды құрады. Сонымен қатар зат алмасудың тұқым қуалайтын 49 ауруына жаңа туған нәрестелерге скрининг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, қауіп тобындағы барлық балалар зерттеліп-қаралды. 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингпен қамту 81%-ға дейін артты», — деп түйіндеді Ажар Ғиният.

Добавить комментарий