Үкімет отырысында макроэкономикалық көрсеткіштер мен 2020 жылғы республикалық бюджетке түзетулердің нақтыланған болжамын мақұлдады. Сонымен қатар, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов үкімет резервінен экономиканың нақты секторының шұғыл қажеттіліктеріне бөлінген ақша нашар игерілетінін айтты.
Смайылов атап өткендей, 2020 жылға арналған макрокөрсеткіштер болжамын нақтылау елдегі ағымдағы жағдай мен әлемдік конъюнктураны ескере отырып қалыптастырылды.
«Болжамды өзгерту нақты сектордағы өсімді сақтап, қызмет көрсету саласын біртіндеп қалпына келтіруді көздейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және пандемияның таралуының ықтимал екінші толқыны бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды. Осы міндеттерді шешу үшін бюджет шығыстары ұлғайтылды. Биылғы жылдың соңына дейін медицина қызметкерлерінің алдындағы барлық уәделеріміз орындалады», — деді ол.
Оның айтуынша, қосымша шығындарды ішкі оңтайландыру есебінен нақты секторды қолдауға арналған шығындар ұлғайтылды.
«Парламентке барлық материалдарды бүгін енгіземіз. Сондай-ақ, тек 55 жұмыс күні ғана қалғанын айтқым келеді және осыған байланысты осы қаражатты игеру керектігін айтқым келеді. Бүгінгі таңда байқау рәсімдері аяқталмаған. Ағымдағы жылдың соңына дейін 4,7 трлн теңгені игеру керек. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалардан басқа, үкіметтің резервінен шұғыл мақсаттарға қосымша 236 млрд теңге бөлінді. Олар бойынша да нашар игерілгені байқалады. Ағымдағы жылдың 9 қазанына дейін 111 млрд теңге ғана игерілді. Бюджет қаражатының тиімділігін қарастыру керек», — деп түйіндеді вице-министр.