Лифтіні қиратқан Қарағанды тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды

Қарағандыда лифт істен шығып, тоқтап қалғанда оны қиратқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Хабарланғандай, 15 қарашада Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне көпқабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу лифт есігіне зақым келтіргені туралы хабарламакеліп түсті. Қарағанды полиция қызметкерлері құқықбұзушылықты жасаған 29 жастағы ер адамды ұстады».

Қарағанды тұрғынының әрекеті туралы Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин: «Мамандандырылған соттың шешімімен ер адам жасаған әрекеті үшін он тәуліккке әкімшілік қамауға алынды. «Біз облыс тұрғындарын осыған ұқсас әрбір әрекет үшін заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз”.

Добавить комментарий