ЛХР Бас прокуратурасы Протасевич ісі бойынша дәлелі бар екенін мәлімдеді

Луганск халық республикасының Бас прокуратурасы (ЛХР) Роман Протасевичке қатысты Донбасс аумағындағы соғыс қимылдарына қатысы барын растайтын дәлелдер бар екенін хабарлады.

ЛХР бас прокуроры Сергей Горенко: «Республиканың құқық қорғау органдары осы тұлғаның 2014-2015 жылдары аралығында Донбасстағы бейбіт тұрғындарды аяусыз өлтірген, соғыстың тыйым салынған құралдары мен тәсілдерін пайдаланған ЛХР-да тыйым салынған «Азов» украинашыл тобына қатысы барын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтарға қол жеткізді», — деп Луганскинфорорталық Горенконың сөзін келтіреді.

Ол Протасевичтің кінәлі екенін мойындағаны, ЛХР-дағы құқық қорғаушыларға халықаралық құқық қорғау инстанцияларына жүгінуге мүмкіндік беретінін айтты. «Белорустық әріптестерімізбен бірге жинаған дәлелдер базасы да халықаралық құқық қорғау инстанцияларына — АҚЕС-ке [Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот] және ХҚС-ға [Халықаралық қылмыстық сот] тиісті өтініштерді дайындауға және жолдауға негіз болады», — деді Горенко.

Горенко сондай-ақ Беларусь президенті Александр Лукашенкоға Протасевичке қатысты тергеу амалдарын жүргізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. «Луганск Халық республикасы Бас прокуратурасының атынан және жеке өз атымнан Беларусь Республикасының басшысы Александр Григорьевич Лукашенкоға, сондай-ақ мемлекеттің құқық қорғау органдарына, атап айтқанда Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне Луганск Халық республикасы Бас прокуратурасының тергеушілеріне Беларусьтегі оппозициялық Nexta Telegram-каналының бұрынғы бас редакторына қатысты қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысымды білдіремін» , — деді ол.

Сәрсенбі күні Донецк Халық республикасының басшысы Денис Пушилин Донецк Халық республикасының Бас прокуратурасы (ДХР) Протасевичтің Донбасс тұрғындарына қарсы жасалған қылмыстарға қатысы бар деген ақпаратты тексере бастағанын хабарлады.Протасевич 23 мамыр күні Белорусьте ұсталды. Ол бомба қойылды деген хабарламадан кейін Минск әуежайына шұғыл қонған Ryanair әуекомпаниясының ұшағында болған. Беларусь құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұшақ қонғаннан кейін Протасевич тұтқындады. Бомба қойылды деген ақпарат расталмады. Беларусь тергеу комитеті бомба қойылды деп көрінеу жалған ақпарат беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Добавить комментарий