Өлгенше ұрып-соғып, денесін құдыққа лақтырған: Түркістан облысында інісі ағасын аяусыз өлтірген

Түркістан облысында тәртіп сақшылары учаскелік полицияның жедел әрекеттерінің арқасында адам өлтіру ісін ашты .

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі адам өлтірген күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Келес ауданында учаскелік полиция инспекторына ауыл тұрғыны хабарласып, белгісіз жағдайда жалғызбасты көршісі жоғалып кеткенін жеткізді. Бірден шақыртуға учаскелік полиция инспекторы Берік Айдосов шықты. Тәртіп сақшысы оқиға орнын мұқият тексеру барысында, үйдің ауласында орналасқан құдыққа апаратын жолдан қанның іздерін байқады. Анықталғандай тереңдігі екі метрлік құдықта ер адам қимылсыз жатқан, оны ауыл тұрғыны танып, көршісі екенін айтқан.», — делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Учаскелік полиция қызметкеріАйдосов аудандық бөлімнен жедел-тергеу тобын шақырды.

«Криминалистер тексеру кезінде мәйіттен көптеген көгерген тұстары мен гемотомаларды тапты», — деп хабарлады тәртіп сақшылары.

ҚР ҚК 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мән-жайды анықтау үшін полицейлер, қайтыс болған ер азаматтың таныстарын, олармен қарым-қатынасын, өмір сүрген салтын зерделеді. Үзіліссіз жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жәбірленушінің туыс інісі күдікке ілінді. Оны полиция қызметкерлері аудан орталығындағы көшелердің бірінен ұстады. Белгілі болғандай, жігіт туысының үйіне келген. Екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде інісі туыс ағасын өлгенше ұрып-соққан. Содан кейін жігіт өзінің ауыр қылмысын жасыру үшін мәйітті үйдің ауласында орналасқан суы тартылған құдыққа лақтырып, қашып кеткен. Қазіргі таңда күдікті қамауда», — деп хабарлады полицейлер.

Добавить комментарий