ЛГБТ-ны насихаттау: РФ-да алғашқы әкімшілік іс қозғалды

Ресейде ЛГБТ-ны насихаттау бабы бойынша алғашқы әкімшілік іс кітап баспасына қатысты қозғалды.

«ЛГБ-ны насихаттау туралы жаңа бап бойынша алғашқы әкімшілік іс қозғалды. Оны «Попкорн букс» баспасына қатысты менің сауалымнан кейін қозғады», — деп жазды Александр Хинштейнв өзінің Telegram-арнасында.

Ол сондай-ақ ІІМ-нің өз сауалына жіберген жауабын келтірді, онда ӘҚБтК-нің 6.21-бабы (дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды және (немесе) артықшылықтарды насихаттау, жынысын ауыстыру) бойынша іс 28 желтоқсанда «Гольяново» ІІМБ-да қозғалғаны айтылған.

Сонымен қатар іс 20.1-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша да қозғалды, деп қосты Хинштейн.

«Іс сотқа жеткізілді, мемлекетке ашық қауіп төндірген «Попкорн букс» өз жазасын алады деп үміттенемін», — деп атап өтті комитет басшысы.

Оның айтуынша, «желтоқсанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салу туралы заң күшіне енгеннен кейін «Попкорн букс» мұндай кітаптарды сатуды жалғастырып қана қоймай, кітаптардың мұқабаларына сөз бостандығы мен цензураға тыйым салуға кепілдік беретін Конституцияның 29-бабының дәйексөздерін жазған».

РФ Президенті Владимир Путин 5 желтоқсанда ЛГБТ мен педофилияны насихаттауға тыйым салу, жынысын ауыстыруға итермелейтін ақпарат, сондай-ақ осы заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу туралы заңдарға қол қойды. Жаңашылдықтар интернет, БАҚ, кітаптар, аудиовизуалды сервистер, кинематография және жарнамаларға қатысты. Бұдан басқа, таратылғаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген ақпаратты қамтитын тауарды, оның ішінде импорттық тауарды сатуға жол берілмейді.

Добавить комментарий