
Кеңестік және ресейлік эстрада әншісі, РКФСР Хлық әртісі Лев Лещенко Алматыдағы ХҚКО-лардың бірінде қазақстандық ЖСН алды.
Ақпаратты Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері растады.
Медеу ауданындағы ХҚКО клиенттері мен мамандары танымал әртістен сүретке түсуді сұраған. Лев Лещенко оларға бас тартпай, қуана келіскен.
Хабарланғандай, сол кеште халық әртісі Ресейге қайта ұшып кеткен.