Зерттеушілер коллективті жұмыс істеу адамдардың басқа нәсілдерге немесе ұлттарға қарсы көзқарастарын өзгертіп, түсіністікке қол жеткізуге ықпал етеді деп мәлімдеді.
Әлеуметтанушылардың жаңа баяндамасы үйде отырып жұмыс істеу нәсілшілдіктің, ұлтшылдықтың және басқа да көзқарастардың өсуіне алып келетінін ескертеді. Зерттеушілер жұмыс берушілерге жұмысты кеңселерде ұйымдастыруға мән беруді шақырды. Сауалнамаға шамамен 12 мың адам қатысты.
Ұлт туралы «дұрыс емес түсінікті бұзудың» бір мысалы — палестиналық Хадия Масие мен ортодоксалды еврей Сэмюэль Розенгард. Еркектің айтуынша, оның исламофобиялық немесе нәсілшілдік көзқарасы ешқашан болмаған. Бірақ мұсылмандар туралы түсінігі Хадиямен кездескеннен кейін оның көзқарасы оң болып өзгергенін мойындады.
«Екеуміз де қоғамның түрлі топтарынан болдық, және Израиль мен Палестина идеясы қызу тақырып болатын. Бірақ біз бұл мәселені бір-бірімізді түсінетіндей етіп талқылай алдық», — дейді Мәсие.
Осылайша, зерттеу авторларының айтуынша, адамдар жұмыс уақытында бір кеңседе байланысын тоқтатса, түрлі ұлттық қоғам мен діни топтар арасындағы түсіністік азаяды.