Әлеуметтік сауалнама: Қазақстан азаматтарының 60%-ы Әулие Валентин күнін тойлайды

Қазақстан азаматтарынан жүргізілген әлеуметтік сауалнамада қазақстандықтар орташа есеппен Валентин күнінде сыйлықтарға 15 000 теңге жұмсайтынын көрсетті, делінген Picodi зерттеуінде.

Сауалнамаға қатысқандардың 58 пайызы мерекеге орай сыйлық бермекші. Ғашықтар күнінде сыйлық таңдауда ерлер көбінесе сыйлық сертификатын (24%) және электроника (19%) сияқты нұсқаларды атап өтті. Әйелдер көбінесе сыйлық ретінде ашық хат (24%) және жұмсақ ойыншық (18%) сатып алады.

Сондай-ақ, респонденттерден мереке қарсаңында қандай сыйлықтар алуды күтетіндерін сұрады. Әйелдер үшін әшекей бұйымдар, мейрамханада кешкі ас және косметика, ал ерлер сыйлық ретінде ақша, сыйлық сертификаты мен тәтті алғысы келетінін білдірді.

Қазақстандықтар орта есеппен Валентин күнінде сыйлықтарға 15 000 теңге жұмсайды, ал ерлер әйелдерден қарағанда көбірек ақша жұмсайды (16 500 теңгеге 13 500 теңге).

Сауалнама жүргізілген мемлекеттердің тұрғындары арасында Гонконг (124 доллар), Ұлыбритания (117 доллар) және Ирландия (112 доллар) азаматтары сыйлықтарға ең көп ақша жұмсайтын елдер болып шықты. Қазақстан 38 елдің ішінен 31-ші орынды тқр.

Сауалнама 11 мың респонденттің арасында интернет-сауалнама форматында жүргізілді.

Добавить комментарий