Әлеуметтік сауалнама: Қазақстан азаматтары өз денсаулығын қалай бағалайды

Қазақстандықтардың әлеуметтік сауалнама деректеріне жасалған зерттеу барысында азаматтардың басым бөлігі өз денсаулық жағдайына қанағаттанатынын көрсетті. Өткен жылы осындай пікірдегі респонденттердің пайыздық үлесі 81,2%-ды құрады.

«Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) құрылған күніне орай бүкіл әлем бойынша Дүниежүзілік денсаулық күні өтеді. Бұл күн психикалық және тән саулығының маңыздылығын, сондай-ақ оның уақтылы алдын алу қажеттілігін еске түсіруге мүмкіндік береді. Бір жылдан астам уақыт бұрын коронавирус пандемиясы басталды, ол бүкіл әлемге және барлық дерлік елдің азаматтарына әсер етті. Сондықтан, әр адамбүгінде бұрынғыдан да қатты өз денсаулығының маңыздылығын сезінді.

Қазақстандықтардың пандемияға дейінгі 2019 жылы және содан кейін, коронавирусқа байланысты карантиндік шектеулер орын алған –2020 жылы өз денсаулығына қатысты не ойлайтыны туралы сауалнама деректерін қарастырып, өзара салыстырамыз», — делінген сауалнамаға түсіндірмеде. Зерттеу барысында респонденттердің басым бөлігі өздерінің денсаулық жағдайына қанағаттанатынын айтты.

«Бұл ретте 2019 жылы олардың үлесі 81,2%-ды құрады. 2020 жылдың қараша айында өз денсаулығына қанағаттанған респонденттердің үлесі айтарлықтай жоғары болды, бірақ 2019 жылмен салыстырғанда 78,9%-ға төмендеді», — делінген жарияланымда.

ҚСЗИ мәліметінше, зерттеу барысында респонденттің тұрғылықты жері бойынша маршруттық квоталық іріктеме негізінде сұхбат жүргізу әдісі қолданылған. Іріктеме — республикалық маңызы бар 3 қала және 14 облыстағы 59 қалалық елдімекен және ауылдық жерлердегі 18 жастағы және одан жоғары 2000 респондент. Статистикалық қателік 3,5%-дан аспайды. Өткізу мерзімі — 2019 жылғы мамыр, 2020 жылғы қараша.

Добавить комментарий