Әлеуметтанушылар ресейліктердің Украинада орын алып жатқан оқиғаларға қатысты ойын

Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын жариялап, олармен бірқатар шарттарға қол қойылғаннан кейін республикаларды қорғау мақсатында арнайы операция жүргізілетінін мәлімдеді.

Мәскеу Карнеги орталығының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, ресейліктер болып жатқан оқиғалар әрқалай қабылдауда, бірақ көбі президентке қолдау көрсетіп жатыр.

Украиналық сарапшылар «РФ билігі ұзақ уақыт бойы үгіт-насихат арқылы «соғысты сатқан» деп мәлімдеді. Халықтың назарын АҚШ-тың басқыншылық саясатына және НАТО-дан төнетін қауіп-қатерге аудартуда. Насихаттаушылардың Ресей армиясы шығынға ұшырамағанын немесе аздаған сарбаздарынан айырылғаны туралы ақпаратты таратып, соғысты «қауіпсіз» етіп көрсетуі де маңызды», — дейді ол.

Орын алған жағдайға анализ жасаған саясаттанушылар «соғыс мифологиясы үш негізгі элементтен тұрады деген қорытындыға келді: Ресей жүргізіп жатқан әскери операциялар а) әділетті, б) қорғаныс, в) жеңіс және триумфалды, г) алдын алу болып табылады. Идеологиялық негіз болып жатқан оқиғаларды сыни тұрғыдан түсінуді азайтып және соғысқа қарсы айтылған критиканы аморальды актіге айналдырады. Соғыс халықты билікті қолдауға жұмылдыруға мүмкіндік беретін қауіп-қатер саудасының бір бөлігіне айналды».

Фото: Әлеуметтану орталығының сарапшылары ресейліктердің РФ-ның жүргізіп жатқан әскери операцияға қатысты зерттеу жұмыстары туралы хабарлады

Мәскеу Карнеги орталығының зерттеушілері ресейліктердің милитаризацияланғаның, соның арқасында халықтың Владимир Путинді қолдауы жоғары деңгейде сақталып отыр деп мәлімдеді. «Левада орталығының» соңғы мәліметтеріне сәйкес, халықтың 63%-ы президенттің әрекетін қолдауда және елдегі күнкөріс деңгейінің нашарлауы Батыстың кесірінен деп есептейді. Сондай-ақ, 55 жастан асқан ресейліктердің 61%-ы Украинада агрессияны тудырған НАТО болды деп есептейді, ал 18-24 жас аралығындағы жастардың тек 24%-ы ғана осы ақпаратты қолдайды. Елдегі жас буынның 20%-ы агрессияны Украина қоздырды деп есептейді.

Жаһандық милитаризациялауға және «адам шығыны жоқ соғыс» туралы насихаттап жатқанына қарамастан, ресейліктер «үлкен», «нағыз» соғыстың болғанын қаламайды.

Добавить комментарий